Астана зейнеткерлері шипажайға тегін демалысты телефон арқылы рәсімдей алады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада зейнеткерлер шипажайда тегін ем алуды ұялы телефон арқылы рәсімдей алады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Мөлдір Шолатова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана қаласы бойынша зейнет жасындағы және Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне шипажай-курорттық демалыс жолдамасын беру қарастырылған. Аталған көмек зейнеткерлер үшін 25 пайыз, ал тыл ардагерлері және ең аз зейнетақы алатындар үшін 18 пайыз көлемінде қарастырылған. Осы орайда биыл шипажай курортына тіркелу ұялы телефон арқылы жүргізіліп жатыр. Талапқа сәйкес зейнеткер курорт демалысына кемінде 1 ай бұрын жазылуы тиіс», - деді Мөлдір Шолатов елорда әкімдігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, елорда бойынша 3 мыңнан астам зейнеткер санаторлық емдеумен қамтылған.

«1 қазан - Қарттар күніне орай жыл сайын 7950 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл статистикаға сәйкес елорда бойынша 91 671 зейнеткерге қолдау қарастырылған», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Астана қаласында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады.


Соңғы жаңалықтар