«Астана» - «Яблонец»: елордалықтар қақпасына автогол соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Арена» стадионында Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясындағы «Астана» - «Яблонец» (Чехия)  матчының бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын алғашқы минуттардан қыза түсті. Әсіресе өз жанкүйерлерінің көз алдында бірінші нөмірмен ойнауға тырысқан елордалық ұжымның шабуылдары қауіпті бола түсті.

18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады.

Жіберілген голдан кейінгі қонақтардың ойынында біршама жинақылық байқалды. Оқтын-оқтын ұйымдастырған шабуылдары үдей түсіп, есепті теңестіруге де қол жеткізді. 41-минутта бұрыштамадан кейін доп елордалықтардың қорғаушысы Бахтияр Зайнутдиновке тиіп қақпаға кірді. Автогол Бахтиярға жазылды.

Айта кетейік, ойын төбесі жабық «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар