«Astana Winter Marathon» жеңімпаздары анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған қысқы марафон барысында 400-ге жуық адам үш қашықтықта -  10, 21 және 42 шақырым бойынша жарысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі марафонға қатысушылардың барлығына арнайы медальдар табысталды. Ал жүлделі орынға ие болғандарға бағалы сыйлықтар тапсырылды. Осылайша, 10 шақырымда Арман Ғалымов пен Әсем Меркажанова жеңімпаз атанса, 21 шақырымда Павел Брода және Әсел Құспанова оқ бойы озық шықты.

Ал 42 шақырымда тек ер азаматтар ғана жарысты. Аталған қашықтықта Асқар Жаңабергенов бірінші болып мәре сызығын кесіп, жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек, әр қашықтықта үш жас санаты (18-34, 35-44, 45+) бойынша жеңімпаздарға жүлделер мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кеткен жөн, алғаш рет өткен қысқы марафонға қатысқандардың басым бөлігі - ерлер. Ең жас желаяқ бар болғаны 9 жаста, ал ең егде спортшы - 70 жаста.

null 

«Қатысушылардың арасында үкімет пен бизнес өкілдері де болды. Мәселен, «Қазақстанның даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев 21 км қашықтықта, ал «BI Group» басшысы Айдын Рахымбаев жанұясымен 10 км қашықтықта жүгірді. Негізі, бүгін марафон үшін өте қолайлы ауа-райы болды. Температура бар болғаны -4 градус, ал таң атқаннан бері жауған қар қысқы спорт мерекемізді көріктендіре түсті», - дейді Astana Winter Marathon ұйымдастыру комитетінің баспасөз xатшысы Әсем Әбдірайымова.

«Astana Winter Marathon» жарысы «Marathon» жүгіру клубының құрметті мүшесі, Гиннес рекордтар кітабының жеті дүркін рекордшысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев бастамасымен ұйымдастырылды. Ал Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Жеңіл атлетика федерациясы аталған шараға демеушілік жасады.

null 

Соңғы жаңалықтар