+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Астана волонтерлері үш күнде 1 мың отбасыға ауызашар себеттерін таратты

2021 жылғы 23 сәуір 18:06
Бөлісіңіз:
Астана волонтерлері үш күнде 1 мың отбасыға ауызашар себеттерін таратты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың ерікті жастары пандемия жағдайында ауызашар себеттерін жеткізу және коронавирусқа қарсы вакцина туралы түсіндіру жұмыстарына белсенді үлес қосып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана жастары соңғы 3 күнде 1000 отбасыға ауызашар себеттерін жеткізіп берген. Қаладағы «ДОС» тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектер қоғамдық бірлестігінің аумағында өткен сенбілік кезінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктісі Арайлым Сапарәлі осындай мәлімет айтты.

«Астана жастары» орталығы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біздегі ең үлкен бағыттардың бірі – еріктілер қозғалысы. Былтыр пандемияға байланысты төтенше жағдай жарияланған кезде, одан кейін де вируспен күреске тұрақты 500 ерікті жұмыс атсалысты. Бұлардан бөлек 3000 ерікті бір реттік шараларға тартылды. 27 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеттерін тараттыппыз. Ал 2021 жылдың басынан бері 80-ге жуық мұтаж адамның ауласын реттеуге көмектестік. Жақында ғана қалада корнавирусқа қарсы екпе егу бойынша түсіндіру жұмыстарын парақтарын таратып бастадық», - дейді ерікті топ жетекшісі.

Арайлым Сапарәлі жастарды өз қатарларына әлеуметтік желі арқылы тарту жолға қойылғанын айтады.

«Атқарған шараларды желіге салған сайын қызығушылық танытып, сұранатын жастар көп. Ресурстық орталық аясында 29 жасқа дейінгі жастармен жұмыс істейміз. Жоспарланған шаралардың аңдатпасын жібереміз. Сол кезде ниеттілер өздері үн қатады», - дейді ол.

Ораза кезіндегі дәстүрлі ауызашарлар індеттің өршуіне себепкер болмас үшін себеттер тарату жолға қойылып жатыр. Елорда волонтерлері бұл істен де шет қалмаған екен.

«Жыл басында сайлау науқандарына қатысып, әлеуметтік қашықтықты сақтау, карантин талаптарын орындау бойынша еріктілік көмек көрсеттік. Ол үшін бәрімізге бір реттік еңбекақы төленді. Осыдан бір апта бұрын Байқоңыр ауданындағы мешітпен бірлесіп, азық-түлік себеттерін тараттық. Ал кейінгі 3 күнде «Халық Банк» қолдауымен төрт аудан бойынша 1000 отбасыға ауызашар себеттерін жеткізіп бердік.

Екпе бойынша сауда, ойын-сауық орталықтарында, халық көп шоғырланған жерлерде, аялдамаларда екпе туралы парақтар, нұсқаулықтар таратамыз. Осы шарадан шыға салып, аялдамаларға барамыз», - деді Арайлым Сапарәлі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT