«Астана» велошабандозы «Вуэльта» кезеңінде төртінші келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Испания Вуэльтасы» велокөпкүндігінің тоғызыншы кезеңі мәреге жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұл кезеңде «Dimension Data» командасының мүшесі америкалық Бенджамин Кинг алдына қара салмады. Оның нәтижесі - 5 сағат 30 минут 38 секунд. Екінші орынды Бауке Моллема («Trek-Segafredo»), үшінші орынды Дилан Тенс («BMC Racing Team») жеңіп алды.

«Астана» командасының мүшесі Мигель Анхель Лопес төртінші келді.

 «Испания Вуэльтасы-2018». Тоғызыншы кезең.

Талавера де ла Рейна - Ла Коватилья. 195 километр.

1. Бенджамин Кинг (АҚШ, «Dimension Data») - 5:30:38

2. Бауке Моллема (Нидерланды, «Trek-Segafredo») - +0:48

3. Дилан Тенс (Бельгия, «BMC Racing Team») - +2:38

4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») - +2:40

22. Ян Хирт (Чехия, «Астана») - +3:32

57. Пельо Бильбао (Испания, «Астана») - +9:42

63. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») - +12:30

69. Давиде Виллелья (Италия, «Астана») - +12:56

80. Дарио Катальдо (Италия, «Астана») - +15:40

91. Никита Стальнов (Қазақстан, «Астана») - +18:56

98. Омар Фраиле (Испания, «Астана») - +21:56.

Соңғы жаңалықтар