«Астана» велошабандозы «Венгрия турында» үшінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні «Венгрия туры» веложарысының бесінші және соңғы кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалдық кезеңде «Trek-Segafredo» командасының спортшысы, италиялық Антонио Тибери жеңіске жетті. «INEOS Grenadiers» командасының велошабандозы, ирландиялық Эдвард Данбар екінші болды. Үшінші нәтижемен кезеңді Movistar командасының өкілі, испандық Оскар Родригес аяқтады. «Астана» велошабандозы Самуэле Баттистелла төртінші болып мәреге жетіп, жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды.

«Венгрия туры». Бесінші кезең Miskolc — Gyöngyös-Kékestető.

1. Антонио Тибери (Италия, «Trek-Segafredo») — 4:39:31

2. Эдвард Данбар (Италия, «INEOS Grenadiers») — +0:02

3. Оскар Родригес (Испания, «Movistar») — +0:21

4. Самуэле Баттистелла (Италия, «Астана») — +0:25

Жалпы есеп:

1. Эдвард Данбар (Италия, «INEOS Grenadiers») — 20:38:43

2. Оскар Родригес (Испания, «Movistar») — +0:23

3. Самуэле Баттистелла (Италия, «Астана») — +0:28



Соңғы жаңалықтар