«Астана» велошабандозы Скарпони көлік апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының спортшысы Микеле Скарпони бүгін таңертең Филоттранодағы үйінің маңында велосипедпен жаттығу барысында қаза тапты. Велошабандозды бұрылыста шағын автобус қағып кеткен, деп хабарлайды веломанда сайты . 

Микеленің (1979 жылы 25 қыркүйекте туған)  артынан жұбайы мен екі баласы қалды.

Микеле кеше ғана Трентода өткен «Альпі Туры» көпкүндік жартыста финишке төртінші болып келген еді. Кейін ол машинамен Филоттранодағы (Анкона) үйіне өзінің массаж жасаушысымен бірге келіп, кешті отбасымен бірге өткізді.

Бүгін таңертең Микеле жаттығуға бара жатқанда, қайғылы жағдай орын алды.

«Астана» командасы қазаға ортақтасып, осындай қиын сәтте Микеленің отбасына қолдау білдіруде. 

Соңғы жаңалықтар