«Астана» велошабандозы Санчес «Швейцария турының» екінші кезеңінде жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Луис Леон Санчес «Швейцария турының» 159,6 шақырымнан тұратын екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Мәреге «Bora-Hansgrohe» командасының мүшесі, словак спортшысы Петер Саган екінші, «Mitchelton-Scott» өкілі, италиялық Маттео Трентин үшінші келді.

«Астананың» қалған өкілдері турнирдің екінші кезеңін мына орындармен аяқтады: Омар Фраиле жетінші, Мерхави Кудус - 20, Ян Хирт - 46, Юрий Натаров - 88, Родриго Контрерас - 89, Андрей Зейц - 92.

Соңғы жаңалықтар