«Астана» велокомандасының атауы өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Astana – Premier Tech әлемдік турының кәсіби велосипед командасы 2022 жылы жаңа атауға ие болады. Қазақстан велосипед жобасы келесі маусымда Astana Qazaqstan Team деген атаумен өнер көрсетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылдан бастап біздің велокоманда еліміз үшін ерекше маңызға ие Astana Qazaqstan Team жаңа атауымен өнер көрсетеді. Велошабандоздардың жейдесі мен команда логотипінде еліміздің атауы болады. Бұл бір жағынан дәстүр сабақтастығын білдірсе, екінші жағынан Қазақстан имилдін халықаралық аренада таныту және отандық велосипед спортын дамыту сынды екі маңызды мақсат жолында жаңғыру сәтіне айналмақ. Жобаның екінші тынысы ашылып, ол жаңа даму жолына көшуге дайындалып жатыр. Қазақстан велоспорт федерациясы жаңа команданың дамуында және жоспарларын іске асыруда маңызды рөлге ие болғаны үшін қуаныштым. Біздің федерация Astana Qazaqstan Team команасының директорлар кеңесіне де, менеджментіне де қатысатыны үшін қуанып отырмын»», - деді Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов.
Сондай-ақ, бұл шешімге команданың бас менеджері Александр Винокуровта пікір білдірді.
«Біздің команда Astana QazaqstanTeam атты жаңа брендпен дамитынына қуаныштымын. Бұл команда басшылығына бас менеджер ретінде қайта оралғанымды мақтан тұтамын. 16 жыл бойы «Астана» жобасы еліміздің әлемдік спорттағы визиттік карточкасы. Қазақстан Республикасының басшылығына көпжылдық қолдау мен сенім артқаны үшін алғыс айтамын. Astana Qazaqstan Team –команданың жаңа атауы ғана емес, бұл жобаның жаңартылған философиясы. Қазіргі кезеңде жаңа маусымда дайындалып жатырмыз. Сондай-ақ, қосымша жобамен де айналысудамыз. Ол туралы таяуда хабарлаймыз», - деді А. Винокуров.


Соңғы жаңалықтар