«Астана» велокомандасынан Tour Down Under көпкүндігіне кімдер қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының «Tour Down Under» дәстүрлі көпкүндік жарысына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Велошабандоздар командасы өзінің 15-ші мерейтойлық маусымын 21-26 қаңтар аралығында Аустралияда өтетін «Tour Down Under» дәстүрлі көпкүндігіне қатысудан бастайды.

Сондай-ақ, «астаналықтар» «Швальбе Классик: Аделаида» жарыс-критериумында бақ сынайды. Ол дәстүр бойынша көпкүндіктің негізгі стартының алдында өткізіледі. Критериум 19 қаңтарда басталады деп жоспарланып отыр.

Команда құрамы: Мануэле Боаро, Лауренс Де Вриз, Даниил Фоминых, Дмитрий Груздев, Фабио Феллине, Омар Фраиле және Луис Леон Санчес.

Жарыс кезіндегі спорт директоры - Стефано Занини.



Соңғы жаңалықтар