«Астана» велокомандасы жаңа құрамын таныстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының жаттығулары өтіп жатқан Испанияның Альтеа қаласында команда 2019 жылғы маусымда Әлемдік турға қатысатын жаңа құрамын таныстырды. Бұл туралы велокоиманданың ресми сайтына сілтеме жасап «SPORTINFORM» хабарлады.

Бұл - «Астана» командасы үшін әлемдік велоспорттағы 14-ші маусым болмақ.

«Біз тәжірибе мен жастық шақ қосылып тамаша үйлестірілген құрамды жинақтадық деп ойлаймын. Келесі жылы Гранд-турларда, көпкүндіктерде және классикалық жарыстарда жеңіске жетуімізге мүмкіндік беретін бірқатар позицияларымызды нығайттық. Биылғы жыл командамыз үшін табысты болды - жарысушыларымыз 33 жеңіске қол жеткізіп, 62 жүлделі орын алды. Мигель Анхель Лопес «Джиро» мен «Вуэльтадағы» Гранд-турлар подиумдарына екі рет шыққан. Жаңа маусымдағы мақсатымыз - оны одан да көп табыспен өткізу. Оның барлығы қолдан келеді деп ойлаймын. Басты мақсаттардың арасында Гранд турлар мен Әлемдік турдың апталық көпкүндіктеріне қатысу бар», - деп бөлісті Александр Винокуров. 

Ресми таныстырылымда «Астана» командасы 9 жаңа ойыншысын атады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап командаға Юрий Натаров (Қазақстан), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Давиде Баллерини (Италия), Мануэле Боаро (Италия), Мерхави Кудус (Эритрея), Йонас Вилсли (Дания), Родриго Контрерас (Колумбия) және Эрнандо Бооркес (Колумбия) қосылады.

2019 жылы «Астана» командасының 28 адамнан тұратын толық құрамы осындай болмақ:

Давиде Баллерини (Италия), Пельо Бильбао (Испания), Жандос Бижігітов (Қазақстан), Мануэле Боаро (Италия), Эрнандо Бооркес (Колумбия), Дарио Катальдо (Италия), Родриго Контрерас (Колумбия), Магнус Корт (Дания), Лауренс Де Вриз (Бельгия), Даниил Фоминых (Қазақстан), Омар Фраиле (Испания), Якоб Фульсанг (Дания), Евгений Гидич (Қазақстан), Йонас Вилсли (Дания), Дмитрий Груздев (Қазақстан), Ян Хирт (Чехия), Уго Уль (Канада), Йон Изагирре (Испания), Горка Изагирре (Испания), Мерхави Кудус (Эритрея), Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Натаров (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Никита Стальнов (Қазақстан), Давиде Виллелла (Италия), Артем Захаров (Қазақстан) және Андрей Зейц (Қазақстан).

2019 жылы жарыстарда команданы мына спорттық директорлар басқарады:

Дмитрий Фофонов (спорттық менеджер), Александр Шефер, Дмитрий Седун, Стефано Занини, Ларс Михаэльсен, Сергей Яковлев, Асан Базаев, Бруно Ченьялта және Джузеппе Мартинелли.

Соңғы жаңалықтар