«Астана» велокомандасы жаңа құрамын таныстырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсанда «Астана» кәсіпқой велокомандасының жаңа құрамы таныстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таныстырылым барысында дәстүрлі түрде «Астана» велокомандасы спортшыларының қатысуымен бірнеше шара ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, бірінші кезекте велошабандоздар «MegaSilkWay» ойын-сауық орталығында жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Шара еркін форматта өтеді. Велокоманда жанкүйерлерінің арасында «Астана» спортшыларымен бірге конкурс ұйымдастырылады.

Осы аталған шаралар аяқталғаннан кейін велокоманданың кешкі салтанатты таныстырылымы өтеді. Шараның салтанатты бөлігінде «Астана» кәсіпқой командасының жаңа құрамы белгілі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» әлемдік кәсіби велоспорт командаларының тізіміне кіретін жалғыз қазақстандық спорттық ұйым. Аталған команда әлем бойынша, оның ішінде Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Аустралияда Қазақстанның атынан шығып, жеңістерге жетіп жүр.

Команданың қоржынында Джиро ди Италия, Тур де Франс, Испания Вуэльтасы сияқты үш гранд-турдағы жетістіктерін қоса алғанда 248 жеңіс бар. Құрылғанына 11 жыл болған командада әлемдегі ең абыройлы гранд-турларда жеңіске жеткен спортшылар өнер көрсеткен. Олар - Александр Винокуров, Альберто Контадор, Лэнс Армстронг, Винченцо Нибали, Фабио Ару.

Соңғы жаңалықтар