«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» кезеңіндегі жеңісін елорда күніне арнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Александр Винокуров «Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңіндегі Фабио Арудың жеңісін Астана күніне арнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осы кезеңге ерекше дайындалдық. Біріншіден, бұл «Тур де Франс» сары жейдесіне тартыста көп нәрсені айқындайтын алғашқы таудағы кезең. Екіншіден, кезеңнің ерекшеліктері Фабио Аруға сай келетін. Сонымен қатар біз Қазақстан елордасының 20 жылдық мерейтойы және ел президентінің туған күні қарсаңында әдемі жеңіске жетуді тіледік. Біздің елімізде үлкен мейрам, біз жеңісімізді барша қазақстандықтарға арнаймыз!»- деді «Астана» клубының бас менеджері Александр Винокуров.

Есаке сала кетсек, Италия чемпионы, «Астана» командасының велошабандозы Фабио Ару «Тур де Франс» көпкүндігінің бесінші кезеңінде тамаша жеңіске жетті. Ару 160,5 км қашықтықты еңсеріп, Ла-Планш-де-Бель-Фий асуының басындағы аралық мәреге өзі жалғыз жеткен болатын.

«Сөре алдында мен мәреге 3 шақырым қалғанда алға озуды көздегенмін. Мен жарыста шаршамадым, соңғы шақырымдарда бар күшімді салдым. Үмітім ақталды. Арманым орындалды. Өйткені мен «Джиро д'Италия» мен «Вуэльте Испания» жарыстарында жеңіске жеттім, сондай-ақ «Тур де Франс» кезеңінде де бірінші болғым келетін. Бүгінгі жеңісіммен тоқталып қалмаймын, алдымда барлық көпкүндік мәресі тұр. Мен оған барымды саламын. Бүгін осы жеңісті атап өтуіміз керек», - деді Фабио Ару.

ФОТО/astanaproteam.kz

Соңғы жаңалықтар