«Астана» велокомандасы «Париж-Ницца» турына қатысатын құрамын атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы белді еуропалық жарыс «Париж-Ницца» әлемдік турына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Велокоманданың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, биыл велокөпкүндік Францияда 10-17 наурыз аралығында өтеді. Оған Лауренс Де Вриз, Магнус Корт, Уго Уль, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Мигель Анхель Лопес және Луис Леон Санчес қатысатын болады.

Жарыстағы спорттық директорлар: Дмитрий Фофонов және Стефано Занини.

Еске салайық, «Астана» командасы, сондай-ақ 9 наурызда Италияның Сиена қаласында өтетін «Страде Бьянке» біркүндік жарысына қатысатын құрамды бекітті.

Соңғы жаңалықтар