Астана: Үлескерлерден қаржы алуға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан әкімдігі үлескерлердің қаражат алуға құқығы жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, тізімде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәміле – алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі өз қаражатыңызға сақ болуды сұрайды. Рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алу қауіпті екенін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі құрылысы аяқталу сатысындағы нысандар тізімінен шығару жолымен және жаңа нысандарды қосу жолымен жүйелі түрде жаңартылады.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға берілген рұқсаттар туралы ақпарат «Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында орналасқан.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефондарға хабарласу қажет: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8 771 605 17 14.

Үлескерлердің қаражатын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімімен мына жерде танысуға болады:

Тапсырыс беруші

Нысанның атауы

1

«BS Company» ЖШС (Би Эс Компани)

Жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйі Комсомольский т.м., Қыз Жібек көшесі, 30/1

2

«White Gold Development» ЖШС

Салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі

3

«АСД Альянс» ЖШС

«Аврора» жапсарлас салынған үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Әйтеке би көшесі, Е 797 көшесінің қиылысы (жобалық атауы)

4

«Dicoldi Partners» ЖШС

Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Шарбақты к-сі, №36 уч. «Ақыртас» коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

5

«Transcapital» ЖШС

Салынып жатқан ВП және «Gold Land» паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, №5 учаске, Е 344 көшесі

6

«Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені 1-кезек, полигон 4, тұрғын топ 5 Жаркент көшесі, 26

7

«Азия» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Сыртқы және инженерлік желілерсіз. Е547 және Е567 көшелері

8

«NUR-Tas-2020» ЖШС

А 83 және А 84 көшелері арасында салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

9

«Актас-М» ЖШС

Көпфункционалды-паркингі бар әкімшілік-тұрғын үй кешені. Уәлиханов-Ақмола-Гастелло-Тархан көшелерінің шаршысында 1-кезек.

10

«Строительная фирма Astana Building» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар «Ордабасы» көп пәтерлі тұрғын үй кешені Б және В блоктары. Ж. Нәжімеденов к., Промышленный тұрғын алабының оңтүстігіне қарай

11

« Градум Строй « ЖШС

Ш. Қалдаяқов көшесі, №44 және Тәуелсіздік даңғылы, «Золотая миля» көп пәтерлі тұрғын үй кешені

12

«Техмонтажстрой» ЖШС

Көп функционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салынуы, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы

13

«Байтас инвест» ТҚК

«One house» Көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаскесі

14

«Ер-Тау» ЖШС

«Шавгар» көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Кенесары мен Т.Шевченко көшелері

15

«Galamat group» ЖШС

жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар «Homeland» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ұлы Дала даңғылы/ Тұран даңғылы

16

«Белая гора» ТҚК

«Silk way» коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/2

17

«Tower park» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені . Нұр-Сұлтан қ., Алматы ауданы, Шарль де Голль және А. Тоқпанов көшелерінің қиылысы

18

Хасенова Бибисара Закириевна

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Тельман т.а., Е 116 к-сі

19

«Жер Билдинг» ЖШС

Паркингі бар «Табысты» салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үй кешені және бизнес орталығы Есіл ауданы, Е 430 көшесі

20

«Арнау-Тауэр» ЖШС

«GreenLine.Aura» коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, ЕК-32 және ЕК-15 көшелерінің қиылысы

21

«РДМ-СЕРВИС» ЖШС

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 126 және Е 182 көшелерінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені (жобалық атауы)

22

«Медет холдинг» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы

23

«Mainstreet» ЖШС

«Парус» көппәтерлі тұрғын үй кешені. Алматы ауданы, Б. Майлин 6 көшесі

24

«Береке Қурылыс 2030» ЖШС

«Байсал» коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Нұр-Сұлтан қаласы, Пригородный тұрғын алабы, Қабанбай батыр даңғылы ауданы

25

«КОКТАЛ SMART» ЖШС

«Koktal Park» кіріктірілген үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы

26

«БестМет» ЖШС

«Tulpar City» тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, Ұлытау көшесі, 44 жер учаскесі

27

«Sabio construction» ЖШС

«R'Club» жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы

28

«Казахстанская Строительно-монтажная компания Основа» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ілияс Омаров көшесі, 8/1 бет

29

«Нурлы-Жол-К-2008» ЖШС

«Аскер»кіріктірілген жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешені, Алматы ауданы, Қалдаяқов к-сі / Нәжімеденов к-сі

30

«GBG.kz» ЖШС

«Bai-Tursyn» жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы

31

«Mercury sport» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Е 781, Е 796, Е 797 және Е 876 көшелерінің шаршысында

32

«Шабыт 2020» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы

33

«Kappas Group» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы

Мәңгілік Ел даңғылы / Е-496 көшесі

34

«Титан Строй КЗ» ЖШС

«Medina Tower» кіріктірілген үй жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешені, Есіл ауданы, Тұран даңғылы

35

«Invest building KZ» ЖШС

«Inju arena 2» жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10

36

«Green Line Terra» ЖШС

«GreenLine.Terra» коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені. Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы, ЕК-16 және Мұхаметханов көшелерінің қиылысы

37

«Бахыт мекені» ЖШС

Кіріктірілген жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешені, Алматы ауданы, Жүргенов көшесі / Нәжімеденов көшесі

38

«GPARK» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ә. Бөкейхан көшесі

39

«Астана Девелопмент Груп» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Ш. Айтматов көшесі

40

«Meireеn» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы

41

«Astana private School» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын кешені, Алматы ауданы, Қошқарбаев даңғылы / Жұмабаев даңғылы

42

«Aibat Construction» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, Р. Қошқарбаев және С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы

43

«АСД Альянс» ЖШС

Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар «Целиноград» көппәтерлі тұрғын үй кешені – 4 кезек. Күмісбеков көшесі бойында (9/1 үйлердің ауданы)

44

«Astana city stroy» ЖШС

Жапсарлас салынған үй-жайлары мен паркингі бар «Оазис» көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы

45

«Строй-Инвест-Групп KZ» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені. Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы, 34/8-үй

46

«Mars project» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп функционалды тұрғын үй кешені. Алматы ауданы, А85,А86,А91

47

«ПромСтройГарант» ЖШС

коммерциялық үй-жайлары бар «Сатурн» көп пәтерлі тұрғын үй кешені. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, А. Байтұрсынов, Т. Жүргенов және № 23-16 көшелерінің қиылысы

48

«East 2021» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Ж. Нәжімеденов және А 78 көшелерінің қиылысы

49

«Building construction» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, Ж. Нәжімеденов және А 52 көшелердің қиылысы.

50

«Урбан строй холдинг»

Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені

Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, 36-көше, 15-үй, 20-пәтер

51

«Орта Азия Құрылыс Компаниясы» ЖШС

Коммерциялық үй-жайлары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені . Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы, Кенесары және Бейсекбаев к-сі


Соңғы жаңалықтар