«Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана U-19» командасы УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші кезеңінде албаниялық «Влазния U-19» командасын 4:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осылайша, «Астана U-19» УЕФА Жасөспірімдер лигасының екінші кезеңіне шығып, енді загребтік «Динамо U-19» командасымен (Хорватия) кездеседі. Матчтар 7 және 28 қарашада өтеді. Елордалық команда бірінші матчты Астанада ойнайды. 

Еске сала кетсек, Астанада өткен алғашқы ойында елордалық жас футболшылар 3:1 есебімен албаниялықтарды жеңген болатын.

«Влазния U-19» - «Астана U-19» - 0:4 (жалпы есеп - 1:7)

Голдар: Жантөре Жұмаділов 37, Сұлтан Сағынаев 61, 78, 89 пенальти.

Соңғы жаңалықтар