Астана түрмесіндегілер телефон, суық қаруды еден мен қабырғаға жасырып келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінде аумақтық бөлімше қызметкерлері жоспардан тыс тінту жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сотталғандардың жеке заттарын тексеру «Mercedes Benz» базасындағы рентген телевизиялық жабдықтарды, NR-2000 маркалы желілік емес локаторды қолданумен жүзеге асырылды, сондай-ақ жылжымалы бейнетіркегіштер пайдаланылды.

Тінту барысында 4 ұялы телефон мен 5 түйрегіш және кесетін қару табылып тәркіленді. Жоғарыда аталған ұялы байланыс құралдары жатын бөлменің еденінде, сондай-ақ шешінетін бөлменің қабырғасына жасырылған.

Естеріңізге сала кетейік, төрт күн бұрын олар осы мекемеге арба дөңгелектерінің осіне жасырылған аса үлкен мөлшерде «гашиш» алып өтпек болған еді.

ЕЦ-166/5 мекемесі қызметкерлерінің қызметтік міндетін адал атқарып, кәсіби шеберлік көрсетуінің арқасында есірткі алып өту әрекетін ғана емес, төтенше оқиға фактілеріне жол бермеді.

Атап айтқанда, сотталғандар арасындағы, мекеме әкімшілігі мен сотталғандар арасындағы жанжалдардың алдын алды.

«Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды беруге тырысатын «ізгі ниетті адамдарға» сотталғандардың денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, олардың жағдайын да нашарлатасыз. Өйткені есірткі заттарын пайдаланған жағдайда олардың мерзімінен бұрын босау, сондай-ақ телефон арқылы сөйлесу, ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерді пайдалану сияқты құқықтарын шектеуге әсер ететін тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады дегім келеді», – деді ЕЦ-166/5 мекемесі бастығының орынбасары Алмас Оралбай.


Соңғы жаңалықтар