+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Астана тұрғыны ұрланған машинасы жайлы ақпарат үшін 2 млн теңге тікті

2017 жылғы 30 желтоқсан 16:17
Бөлісіңіз:
Астана тұрғыны ұрланған машинасы жайлы ақпарат үшін 2 млн теңге тікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны ұрланған машинасының қайда тұрғаны жайлы ақпарат үшін 2 млн теңге уәде етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сапар Шәмшиев әлеуметтік желіде жариялаған хабарлама интернетті шарлап кетті.

Оның айтуынша, қара түсті Lexus LX 570, мемлекеттік тіркеу нөмірі 050 RSA 01, VIN-коды JTJHY00W704083545 машинасын 25 желтоқсаннан 26-сына қараған түнде Күйші Дина көшесі, 25/2-үйдің ауласынан ұрлап кеткен.

Хабарламаның авторы ұрылар кем дегенде екеу болғанына сенімді. Өйткені олар бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Олар сигнализациядан мәлімет алатын арнайы бағдарламаны пайдаланған.

«Соңғы рет машинаны Байырқұм көшесіндегі (қалаға қарай) камера түсіріп алған. Қара түсті бейтаныс Lexus LX 570-тің бәріне назар аударуларыңызды және күдікті машиналар туралы 87770010203, 87770010188 немесе 102 нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймын. Өтініш, егер Көкшетау, Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Қостанай, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент және басқа да шекара маңындағы қалаларда таныстарыңыз болса, осы хабарламаны жіберіңіздерші. Машина тұрған жер туралы хабар үшін 2 000 000 теңге сыйақы беруге уәде беремін», - деп жазды Сапар Шамшиев Фейсбукте.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT