Астана тұрғыны сотталушыға темекі фильтріне есірткі салып бермек болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сотталушыға жіберілген заттарды тексеру кезінде ЕЦ-166/10 мекемесінің (Астана қаласы) қызметкерлері «State Line» маркалы темекінің ішінен есірткілік заттарды анықтаған, деп хабарлады елордалық ҚАЖ департаментінен.

«Қаскөйлер ауыр қылмыс жасап, түрмеде ұзақ мерзімге жазасын өтеп жатқан сотталушыға есірткі жіберу үшін айлалы тәсіл қолданып, біраз еңбектенген. Есірткілік зат толтырылған бірнеше ондаған целлофан түйіншегі темекі фильтрлеріне салынған. Сот-химиялық сараптама алынған түйіншектердің ішінде салмағы 26 грамнан асқан гашиш болғанын анықтады», - деп хабарлады Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінен.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар