Астана тұрғыны көлікке «жолды бөгемеңдер» деп жазғаны үшін 80 мың теңге төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны көлігіне «шығаберіс жолды бөгемеңдер» деген жазу қалдырған адамнан залал сомасын өндіріп алды, деп хабарлады ҚР Жоғары сотының баспасөз қызметі.

Ер адам көлігін елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңына қойған, қайтып келген ол жүргізуші жақтағы есіктен «шығаберіс жолды бөгемеңдер» деген жазуды оқиды. Артынша ер адам полицияға шағымданады.

"Құқық қорғау органының өкілдері осы жазу арқылы әйел көлікке зақым келтірді деген байламға келді", делінген хабарламада.

Астана Сарыарқа аудандық соты талапарызды ішінара қанағаттандырды. Мүлікке зиян келтіргені үшін әйелге 83 947 теңге айыппұл салынды.

Шешім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар