Астана тұрғыны Көкшетауда есірткі затын жасыру кезінде ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда синтетикалық есірткі және психотроптық заттарды жасырумен айналысқан Нұр-Сұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті кезекті есірткі затын жасыру кезінде қолға түсті.

«Ер адамды тінту кезінде өзіндік иісі бар ақ, сары және көк түсті ұнтақ тәрізді 88 түйіршік тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 39 грамнан асатын «а-PVP» психотроптық зат болып табылады, бұл өте үлкен мөлшерге жатады», - деді ведомстводан.

Анықталғандай, күдікті бұған дейін елорда аумағында синтетикалық есірткі жасырумен айналысқан, ал мамыр айында Көкшетауға келген.

«Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі «есірткі заттарын заңсыз тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды», - деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар