Астана тұрғыны электр энергиясы үшін 13 млн теңге қарыз болып қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не 13 млн теңге қарыз болып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астанаэнергосбыт» ЖШС Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотына қарыз азамат тұтынған электр энегриясының ақысын алып беруді сұрап, шағым түсірген.
«2017 жылдың басында «Астана-РЭК» АҚ-ның мамандары жауапты азаматтың электр энергиясын тұтынуда заңбұзушылықтарға жол бергені жөнінде акт толтырған. Бұған қоса, электр тұтыну көрсеткішін өлшеу құралына жүргізілген тексерулер аспаптың ішкі жағына зақым келгендігін де анықтаған»,-делінген хабарламада.
Сот таратқан ақпарат бойынша, жауап беруші азамат өзіне шағым түсіргендердің мәліметтерін жоққа шығаратын дәлелдер келтіруге тырысқан.
Сот шешімімен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не жауап беруші азаматтан қажетті сома алынды.
Сот шешімі әзірге күшіне енбеген.
- Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
- Ирак астанасында екі жарылыс болып, кем дегенде 23 адам мерт болды
- Қостанай облысында алимент төлеуден қашып жүрген екі адам қамауға алынды
- Павлодарда есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұзақ мерзімге сотталды
-
Елордада түнде істеген компьютер клубында 70-тен астам адам болған
-
Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам