Астана тұрғыны бір рет түкіріп, 16 мың теңге айыппұл төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғынына қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

«26 қыркүйек күні 27 жастағы ер адам қоғамдық орында, Сәтбаев көшесінің бойындағы аялдамада тұрып жерге түкіріп, жұртшылық қолданысындағы орынды ластады және айналадағыларға әдепсіздік танытты», - делінеді хабарламада.

Жалпы қолданыстағы орынды ластағаны үшін құқықбұзушыға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабына («Ұсақ бұзақылық») сәйкес хаттама толтырылды. Көшпелі сот отырысында 7 АЕК (15883 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Бұзақы өз айыбын толық мойындап, ендігәрі мұндай тірлік қайталанбайтынына уәде берді.

Соңғы жаңалықтар