Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 8 желтоқсан күні болған. 102 арнасына сағат 10:53-те Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері жігіттің жеке басын анықтады. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жігіт 25-қабаттан құлаған.

ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар