Астана тұрғыны 20 мыңнан астам маркадан коллекция жинаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Коллекционер Аманжол Қадыровтың мақтанышы қазақстандық белгілі спортшы - олимпиадашылардың жеке қолтаңбалары бар конверттері. Оның қолындағы аса құнды маркалары 1933 жылы шыққандары, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қазір Астана тұрғынының  коллекциясында 20 мыңнан астам марка бар. Марка жинау әуестігі 1974 жылы студент болып жүргенде басталған. Қадыровтың маркалары ішіндегі мақтанышы қазақстандық белгілі спортшы - олимпиадашылардың жеке суреттері бар конверттері. Ол әр спортшыға марка жабыстырылған суреті бар конверттер жіберген. Сөйтіп оның қолына әр спортшының қолтаңбасы бар конверттер жинақталған.  

«Мен үшін бұлар өте қымбат. Хат жазып жіберген соң жауаптарын асыға күттім. Хат жазып жібергенде олардың суреттері бар конверттерді марка жабыстырып бірге жіберіп отырдым. Ал спортшылардан жауап хат алу бір қуаныш болатын», - дейді А. Қадыров.



Қазір филателисте Александр Винокуров, Илья Ильин, Майя Манеза, Серік Сәпиев, Дмитрий Баландин және басқа да спортшылардыңқолтаңбалары бар конверттер сақтаулы.

Айта кетейік, маркалар арнайы альбомда немесе кляссерде сақталады. Оларды сақтаудың өзіндік тәсілі бар.

- Оларды ылғал жоқ жерде көлденеңінен сақтау қажет. Үлкен конверттер мен маркалар блогын сақтау үшін мен арнайы машинка ойлап таптым, ол қағазға арналған қарапайым файлдардың жан жағын жабыстырады. Осылайша бір жағы ашық қалады, ашық қалған жақтан қажетті данасын алып отырамын, - дейді ол.    

Оның жоспары коллекциясын ұрпағына қалдыру. Өйткені, мұндай қызығушылық ой-өрісін кеңейту ғана емес, заттарға ұқыптылықпен қарауды үйретеді.

Соңғы жаңалықтар