Астана тұрғыны 10 қабаттан құлаған баланы құтқарды

None
None
    АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны 10 қабаттан құлағалы тұрған 7 жасар баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Оқиға Сарыарқа ауданының Жеңіс даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінде 24 қыркүйекте болған.

«Таңғы 10:16-да Жеңіс даңғылындағы 28-үйде жас баланың 10-қабаттан құлау қаупі туралы хабар келіп түсті. 10:22-де оқиға орнына Астананың №2 арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі жеткен және олар келгенше 9-қабаттағы тұрғын баланы құтқарып үлгерген», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, бала ата-анасына тапсырылды. Оның жағдайы қалыпты және қосымша медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

24 сентября, Астана, Победа-Джангильдина. С балкона 10-го этажа чуть было не сорвался ребенок. Благо в последнюю секунду его удалось поймать жителю из нижней квартиры. Как ребенок оказался в такой ситуации пока неизвестно.

Публикация от Astanovka 98 (@astanovka98) 24 Сен 2018 в 11:54 PDT

Соңғы жаңалықтар