USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Астана тұрғындарын учаскелік полицейлерге көмектесуге шақырады

2016 жылғы 9 ақпан 11:39
Бөлісіңіз:
Астана тұрғындарын учаскелік полицейлерге көмектесуге шақырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуда учаскелік инспекторларға көмектесу, жедел ақпарат алмасу мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қоғамдық көмекшілер ретінде азаматтарды тарту мәселесі қаралды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Көктал» тұрғын алабының тұрғындары Астана қаласы мемлекеттік полиция қызметінің басшысы Бақытжаном Малыбаевпен кездесті.

«Жергілікті полиция қызметі 2016 жылғы 1 қаңтарда құрылды. Мемлекет басшысы полицейлерге халыққа жақын болу міндетін қойды. Бірлесіп жұмыс істегенде ғана қалада тәртіп орната аламыз», - деді Б. Малыбаев.

Тұрғындар кешкі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне алаңдаушылық танытты. Олардың айтуынша, жастар балалар алаңдарына жиналып, алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық тәртіпті бұзады. Жергілікті полиция басшысы мұндай жағдайда «102» номеріне хабарласу қажет екендігін және шақыру бойынша учаскелік инспектордың келетінін түсіндіріп өтті.

Учаскелік инспекторлар халықпен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс. Мүлікті тонау жағдайларын азайту үшін тұрғындармен пәтерлер мен тұрғын үйлерде дабыл мен бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.

Кездесуді қорыта келе Бақытжан Малыбаев тұрғындарды қалада қылмыс деңгейін қысқарту мәселесінде полицейлерге барынша көмектесуге шақырды.

Айта кетейік, Астанада 311 учаскелік инспектор, 25 учаскелік пункт бар. 25 қаңтарда басталған «Сәлеметсіз бе, мен сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын!» акциясы аясында инспекторлар халықпен кездесулер өткізуде. Халықты хабардар ету үшін учаскелік инспекторлардың байланыс телефондары мен жаднамалар таратылып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT