Астана тұрғындары жалған электр мамандары туралы ескертілді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Астанаэнергосервис» АҚ Facebook-тегі ресми парақшасында атауы бірдей ұйымның қала тұрғындарын өрт пайда болады деп қорқытып, электр сымдарын ауыстыру қызметін ұсынып жүрген заңға қайшы әрекеттері туралы ескертті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Бізге елорда тұрғындарынан компаниялардың бірінің әрекеттеріне байланысты біраз шағымдары келіп түскен. Аталған ұйым компаниямыздың атауын пайдаланып, халыққа электр сымдарын тексеру және ауыстыру қызметін ұсынып жүр. Бұл ұйымның «Астанаэнергосервис» АҚ-ға еш қатысы жоқ екенін атап өту керек. Біздің компания пәтерлерде электр сымдарын тексермейді, ауыстырмайды. «Астанаэнергосервис» АҚ компаниялар тобы жылу және электр энергиясын өндіру және тасымалдаумен айналысады», - делінген хабарламада.

«Тұрғындар қызметін ұсынған ұйымның оларды егер электр сымдарын ауыстырмаса, өрт пайда болады деп қорқытқанын айтты. Ең көп шағым зейнеткерлер, балалар мен немерелерден келіп түсті», - деп хабарлады «Астанаэнергосервис».

Компания тұрғындарды қырағылық танытуға шақырды. Яғни құжаттарды тексеріп отыру, сымдардың ақауы бар екеніне көз жеткізбей қызмет көрсетуге келіспеу, қызмет көрсететін ұйым, коммуналдық қызметке жүгіну, ал алданғанын сезсе - бірден полицияға шағымдану керек.

Соңғы жаңалықтар