Астана тұрғындары қаланы басқан түтінге шағымдануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғындары Facebook-тегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында қала көшелерін, соның ішінде Тәуелсіздік алаңын басқан қою түтінге шағымдарын жазуда.

«Көмірмен жылытылатын жақын орналасқан жер үйлердің түтінінен елдің басты алаңы қою түтіннің құрсауында қалды. Қалада дем алатын ауа жоқ!», - деп жазуда әлеуметтік желіні пайдаланушылар.

«Таңертеңнен бері түтін тұр, күйіктің иісі шығады. Жекеменшік сектор жақтан келіп жатқан сияқты. Үйде дем алатын ауа жоқ. Терезені ашып едім, иіс одан сайын келеді. Жеке сектор қарапайым газбен жылыту жүйесіне көшірілмей жағдай түзелмейтін сынды», - деп жазды Facebook-тің тағы бір пайдаланушысы.  





Фотолар: Ильзат Сафаргалиев, Рүстем Жансеитов, Малика Құспанованікі

Соңғы жаңалықтар