«Астана» «Тур де Франс» қорытындылары бойынша 112 950 еуро табыс тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» супервелокөпкүндігінің қорытындылары бойынша жүлделі командалардың сомалары жарияланды.

«Турдың» қорытындылары бойынша «Астананың» жүлдесі 112 950 еуроны құраған, деп жазады sports.kz .

Сыйақы саны бойынша бірінші орынды «Sky» жеңіп алды - 556 630 еуро, соның ішінде 450 000 еуро бас классификациядағы бірінші орын үшін берілді, екінші орында «Movistar» (442 080 еуро) болса, үшінші болып тізімде «Tinkoff-Saxo» (176 350 еуро) тұр.

Дәстүр бойынша, жүлде қоры команданың барлық шабандоздары мен қызметкерлеріне үлестіріледі.

Соңғы жаңалықтар