Астана төрінен «Қазақ елі» монументінің ашылуы -тәуелсіздіктің арқасы

None
None
ОРАЛ. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Астана төрінен «Қазақ елі» монументінің ашылуы -тәуелсіздіктің арқасы.

Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Қосаман Орынбасаров осындай пікірде.

Оның айтуынша, мұндай кешеннің бой көтеруі - бүкіл ел үшін мақтаныш. Қазақ - бай тарихы бар халық. Өкінішке қарай, оған патшалық кезеңде, кеңестік дәуірде дұрыс көңіл бөлінбей келді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жан-жақты жұмыс жүргізіле бастады. «Қазақ елі» - соның тағы бір жарқын көрінісі. Бұл - біздің елдігіміздің, бірлігіміздің белгісі», дейді ардагер.

Соңғы жаңалықтар