Астана төңірегінде қураған ағаштар жанып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана төңірегінде Қорғалжын тасжолы ауданында қураған ағаштар жанып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты елордадағы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растады. Өрт әлі ауыздықталған жоқ. Тілсіз жау шамамен 1 000 шаршы метр аумақты шарпыған.

Ведомство өрттің қалай шыққаны және оны сөндіріп жатқан адамдар мен техникалар туралы кейінірек мәлімдейді. 

Соңғы жаңалықтар