Астана-Теміртау тасжолы барлық көлік түрлеріне ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының тұрақтануына байланысты Астанадан шығатын республикалық маңызы бар жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2 желтоқсан күні сағат 23.30-дан бастап ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тас жолының 1291-1426 шақырымдарының аралығы, Астана-Теміртау учаскесі барлық автокөлік түрлері үшін ашылды», деп жазды елорда әкімдігі мониторинг және жедел әрекет ету орталығынан.

Айта кетейік, бұған дейін Қызылордадан Түркістан облысына дейінгі жол жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар