«Астана» телеарнасына жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» телеарнасыныңбас директоры қызметіне Құрманек Жұмағали келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партияның мәліметінше, Құрманбек Жұмағали Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары «Хабар» телеарнасының продюсері және жүргізушісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры, «Қазақ радиосының» басшысы, «Алматы» телеарнасы бас директорының бірінші орынбасары Қарағанды облысының әкімі баспасөз қызметінің, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар