Астана театрында француз комедиясы қазақ тілінде ұсынылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 8-9 ақпан күндері Астана қаласының комедия театрында Марк Камолеттидің «Мерекелік меню» қойылымының премьерасы өтеді.

«Спектакльдегі оқиғалардың күтпеген бұрылыстары, шыр айналдырар интрига мен тартысты сюжет актерлердің міндеттерін қиындатқанмен, оларға махаббат, құмарлық, қызғаныш, адалдық, сатқындық сезімдерін көрсетуге тамаша мүмкіндік береді», - делінген театрдың ақпарат орталығы таратқан хабарламада.

Туынды авторы - француз драматургы Марк Камолетти. Қазақ тіліне аударған - Ләззат Алпысбаева. Спектакльдің қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев, ал қоюшы суретшісі - Алма Сырбаева. Балетмейстер - Анель Мырзагулова. Дыбыс режиссері - Ернұр Балапанов.Басты рольдерді Ақбота Макежанова, Алтынай Қожахметова, Әли Бидахмет, Нұржан Асылхан, Әли Жарасұлы, Ғани Берденбетов және басқа актерлар сомдайды. Комедия NOMAD CITY HALL концерт залында қойылады.

Айта кетейік, Астана қалалық комедия театры 2018 жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Өнер ұжымы британ драматургы Майкл Фрейннің «Театр 180ᵒ» комедиясын театрсүйер қауым назарына алғаш ұсынған еді.

Марк Камолетти - белгілі француз драматургы, 18 пьесаның авторы. Оның спектаклі шетелде ең көп сахналанған туынды ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Соңғы жаңалықтар