Астана - таңғажайып қала - театр және кино актері Сергей Безруков

None
None
СТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат - Астана - таңғажайып қала. Бұл пікірді елордалықтардың назарына «Бұзақы» музыкалық поэтикалық қойылымын ұсынар алдында БАҚ өкілдерімен жүздескен Ресейдің халық әртісі, театр және кино актері Сергей Безруков білдірді.

«Астана - таңғажайып қала. Шын сөзім, Астана маған қатты ұнады», деп атап өткен актер, қаланың тазалығы, еуропалық үлгіде салынған биік-биік ғимараттардың макеттегідей түзулігі көңілінен шыққандығын айтады.

«Өзіңді сол макеттің ішіне кіріп кеткендей сезінесің. Әдемі, сұлу, заманауи қала. Мен өзім үшін тағы бір қаланы ашып отырмын. Әйтпесе үнемі Алматыда болатынмын, әрине ол жақтың ауа райы жақсырақ», дей келе С.Безруков алдағы уақытта елордаға бірнеше мәрте келетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар