Астана тағы да әлемдік цирк өнерінің орталығына айналады

None
None
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Астана күні қарсаңында елордада әлемнің үздік цирк әртістерінің басын қосатын халықаралық фестивальді өткізу дәстүрге айналды.

«Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалі цирк өнерінің орталығы ретінде мерейтойлық елорданы таныта түсуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль бағдарламасы Қазақстанның халықаралық деңгейдегі мәдени жетістіктерінің біріне айналмақ. Бұл туралы Астананың 15 жылдығына дайындық және оны өткізу жөніндегі медиа-штабтан хабарлады.

Елорданың 15 жылдық мерейтойына арналған «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалі аясында Астаналық цирк қала тұрғындары мен қонақтарына әлемдік деңгейдегі үздік әртістердің қатысуымен бірегей бағдарлама ұсынуды жоспарлайды. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Италия, Беларусь, Германия, Латвия, Украина, Өзбекстан және Қытайдың үздік цирк нөмірлерінің жиынтығы қарастырылады. Фестиваль бағдарламасында әуе гимнасшылары, аттракциондар, экзотикалық жан-жануарлар, шебер жонглерлер, акробаттар және сайқымазақтар бар.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамында Италия, Беларусь, Украина, Германия, Қытай, және ТМД елдеріндегі цирк өнерінің танымал тұлғалары бар. Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалі цирк өнерінің һас шеберлері мен жанкүйерлерінің назарын өзіне тағы да аударатын болады.

Соңғы жаңалықтар