Jańalyqtar
«Астана су арнасының» 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмды
2019 жылғы 23 мамыр 18:08
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 4 адам метан газынан уланған. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға елордадағы Оқушылар сарайының маңындағы құдықтардың бірінде болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, уланғандардың барлығы көз жұмған.
Қала әкімі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, төртеуі де - «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері.
«Өзімнің және әкімдіктің атынан марқұмдардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Әкімдік барлық қажетті көмекті көрсетеді. Тиісті қызметтерге егжей-тегжейлі тергеу жүргізіп, қайғылы оқиғаның себептерін анықтауды тапсырдым», - деп жазды қала басшысы Facebook парақшасында.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Ақтөбеде облыс әкімінің есебі онлайн өтеді
- Полиция іздеу салған қостанайлық бойжеткен тоғыз күннен соң табылды
- Петропавлда тұрғын үйде болған өрттен 4 адам құтқарылды
- Ақтөбеде өртеніп кеткен үйден адамның денесі табылды
-
Ақтөбеде қаңтар айында 55 адам көлік апатынан зардап шеккен
-
Астанада наркологиялық көмек мәселелері бойынша сенім телефоны іске қосылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER