Астана Су арнасы тұрғын үйдің бірінде не себепті су тапшы болғанын түсіндірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана су арнасы» МКК елордадағы тұрғын үйдің бірінде не себепті су тапшы болғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұхамедханов көшесі бойындағы 4 «А» («BI City Tokyo D блогы» ТК) тұрғын үйіндегі су тапшылығына қатысты айтатын болсақ, осы мәселені шешу мақсатында тұрғындар, әкімдік және «Астана Су арнасы» кәсіпорны өкілдері, сондай-ақ қызмет көрсетіп отырған «BI Service» ЖШС басшылығымен кездесті. Осы жиында «Астана Су арнасы» мамандары су тапшылығына тұрғын үйдің өзіндегі ішкі желілердің дұрыс тартылмауы себеп болғанын түсіндірді», - делінген аталған мекемедегі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Осы орайда «Астана Су арнасы» кәсіпорнының мамандары сүзгілерді тазалағаннан кейін, пәтерлерге су жіберілген.

«Бұл тұрғыда сервистік компанияға тұрғын үйдің жертөлесіндегі су жүретін желілерді түзетіп, қайта жасау нұсқауы берілді», - деп нақтылады кәсіпорын мамандары.

Айта кетейік, су мәселесіне қатысты наразылық білдірген тұрғындарға қатысты видео әлеуметтік желіде тараған еді.


Соңғы жаңалықтар