+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

«Астана Су арнасы» кей үйлерде судың тоқтап қалу себебін түсіндірді

2019 жылғы 17 қараша 17:16
Бөлісіңіз:
«Астана Су арнасы» кей үйлерде судың тоқтап қалу себебін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұран-Сығанақ көшелерінің қиылысында су құбыры жарылды. «Астана Су арнасы» мекемесінің мәліметінше, елордадағы кей үйлерде судың тоқтап қалуына осы жағдай себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теміржолшылар Алматы-Петропавл пойызын дер кезінде тоқтатып, апаттың алдын алды БҚО-да қыз бала өзіне-өзі қол жұмсады Қостанай облысында жоғалып кеткен оқушы 12 күннен соң табылды

«Құбыр бүгін сағат 05.40 шамасында жарылды. Апаттық бригада оқиға орнына сағат 06.15-те жетті. Нақтырақ айтқанда, құбыр желісінің дәнекерленген бөлігі ажырап кеткен. Сағат 10.30-да су бөгелді. Қазіргі уақытта су жүйесін тезірек қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «Астана Су арнасы» мекемесінен.

Ведомствоның хабарлауынша, жұмысты толығымен сағат 20.00-де аяқтау жоспарланған.

Бүгін үйді-үйге арнайы көлік жіберіліп, ауыз су таратылған. Атап айтқанда, ауыз су таратушы көліктер Е-10 көшесін, Зелёный квартал ТК-да, Е-30, Е-16, Омаров көшелерінде болған.

«Су тасып жүрген көліктерді көп адам көрмей қалуы мүмкін. Себебі, водовоздар суды толтырып алу үшін ары-бері жиі қатынайды. Ауыз су толтырып алатын станция Тілендиев пен Күйші Дина көшелерінің қиылысында орналасқан», - делінген «Астана Су арнасы» хабарламасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT