Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

«Астана су арнасы» басшылары 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

2019 жылғы 14 маусым 16:01 688
Бөлісіңіз:
«Астана су арнасы» басшылары 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төрт кісінің өліміне әкеп соққан оқыс оқиғаға байланысты тұтқындалған «Астана су арнасы» мекемесінің лауазымды басшылары кінәсі дәлелденген жағдайда 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавл тұрғындары газ иісіне шағымдануда Оқыс оқиғадан аман қалған «Астана су арнасының» жұмысшысы ауруханадан шықты

«Мекеменің ұсталған қызметкерінің бірі - бас механик. Яғни, осы еңбекті қорғау ережелерін сақтау және олардың дұрыс атқарылуына сол жауапты болған. Екінші - «Астана су арнасы» мекемесінің Алматы аудандық бөлімшесі бойынша жауапты қызметкері», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында,

Олар ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабы 4-бөлігі бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Бас механик оқиға орнында болып, жұмысты ұйымдастырған. Екіншісі осы жұмысқа жауапты болған», - деді ол.

Еске сала кетсек, «Астана су арнасы» мекемесінің 4 қызметкері метан газынан уланып көз жұмғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Елорданың полиция департаменті осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.

Осы жылдың 13 маусымында аталған факті бойынша «Астана су арнасы» мекемесінің екі жетекшісі В. және М. полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT