Астана стансасында жүк пойызы екі азаматты басып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтардың теміржол бойында қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан Астана стансасында жыл басынан бері екі қайғылы оқиға орын алды.

2016 жылғы 8 қаңтарда сағат 13:20-да жүк пойызы Астана ст. күзетілетін теміржол өткелінен 805 км қашықтықта 1990 ж.т. «Ю» есімді азаматты басып кетті. Ал 9 қаңтарда сағат 21:30-да 1974 ж.т. «В» есімді азамат Астана ст. паркінің 5-ші жолында жүргелі тұрған жүк пойызының астына түскен. Аталған жағдайлар бойынша ҚР ӘҚБтК 559-бабына сәйкес Астана ст. ІІЖБ-де тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар