+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Астана Сирия келіссөздеріне қатысушылар арасында сенім деңгейін туғызды - ресейлік сарапшы

2017 жылғы 27 қаңтар 08:50
Бөлісіңіз:
Астана Сирия келіссөздеріне қатысушылар арасында сенім деңгейін туғызды - ресейлік сарапшы

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Барлық тарапқа қолайлы саналған Астана алаңы келіссөз процесіне қатысушылар арасында сенім деңгейін тудырды.

«ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі меншікті тілшісімен пікір бөліскен ресейлік сарапшы, Аймақтық проблемалар институтының директоры Дмитрий Журавлев осылай мәлім етті.

«Астанадағы Сирия келіссөздері біз күткен дүниелерді бере алған жоқ, себебі біз бейбітшіліктің орнағанын қаладық. Дегенмен, олар қолдан келер мүмкіндіктен де жоғарысын берді, себебі, түрлі қатысушыларды келіссөздер үстеліне жинай алды», - деген сарапшы келіссөздердің жағымды тұстарын атап өтті.

«Біріншіден, кейбір абстрактілі оппозиция өкілдеріне өз өкілеттіктерін анықтауға мүмкіндік берілді. Екіншіден, кімнің кіммен сөйлесіп отырғаны анықталған соң, диалог пайда болды», - деп түсіндірді Д.Журавлев.

«Иә, барлығы ымыраға келіп, «ДАИШ» пен «Джебхат ан-Нусраға» қарсы майдан ашқан жоқ. Дегенмен, бұл міндет қойылды. Оппозиция мен билік ультрарадикалдарға бірге қарсы тұрады», - деп толықтырған ол, бұл идеяны АҚШ та қолдап отырғанын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT