Астана-Шымкент арасында қатынайтын Тальго пойызы бір күнге тоқтайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Астана – Шымкент қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство таратқан деректерге қарағанда, 8 желтоқсан күні Астанадан, 9 желтоқсан күні Шымкенттен шығатын пойыз жүрмейді.

«Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы жолға шығады.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады», - деп жазды «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Ұлттық тасымалдаушы компания жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраған.


Соңғы жаңалықтар