Астана-Шортанды автожолын күтіп ұстау шығыны жылына 1 млрд. 300 млн. теңгені құрайды

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Астана-Шортанды автожолы учаскесінің жыл сайынғы ағымдағы ұстап тұру шығыны 1 млрд. 300 млн. теңгені құрайды.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында мәлім болды.

Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр автожолдарды ұстап тұруға бөлінетін қаражатқа тоқтала келе, Қазақстан бойынша 23 мың шақырымды құрайтын республикалық желілерді күтіп ұстауға тоғыз миллиард теңге бөлінетінін атап өтті.

«Ал нормативтік қажеттілік мөлшері бойынша бұл жолдарға 38 млрд. теңге бөлінуі тиіс болатын. Сонымен қатар «а» санатындағы алты жолақты Астана-Шортанды автожолы учаскесінің жыл сайынғы ағымдағы ұстап тұру шығыны 1 млрд. 300 млн. теңгені құрайды. Біз ақылы жолды енгізгенде тек сол жолдың ағымдағы ұстап тұру шығынын жабуды ғана көздейміз. Сондықтан да, біздің белгілеген тариф басқа елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан болып отыр», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар