«Астана-Щучье» тасжолының бойына жаңа сауда павильондары орнатылып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана-Щучье» тасжолының бойына жаңа заманауи 16 сауда павильоны орнатылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің туризм, индустрияландыру, кәсіпкерлік және инвестициялар мәселелері бойынша орынбасары Марат Иғали Фейсбук парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Burabay Tourism Organisation» ЖШС «Астана-Щучье» тасжолы бойындағы бейберекет орналасқан сауда орындарының орнына заманауи бірыңғай эстетикалық қалыпқа сай келетін сауда алаңын салып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысуда. Бүгінде тасжол бойында үш жерде 16 сауда павильоны орнатылды, тағы 8-і дайындық үстінде», - деді Марат Иғали.

Одан бөлек Ақмола облысы әкімінің орынбасары үстіміздегі жылдың маусым айында М.Мырзалиннің тапсырмасы бойынша Бурабай кентінің орталығында кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Атап айтқанда, тас төсеу, орындықтар қою, гүл өсіру, қоқыс жәшіктерін орнату және туристік қызмет көрсету нысандары ашылып, тамақтану мен басқа қызмет түрлері іске қосылды. Бұдан бөлек аумағы 120 шаршы метрді құрайтын «Aqmol» сауда желісінің орталығын ашу жоспарлануда екенін жазды.

Сонымен қатар, М.Иғали Бурабай курорты мен оның меркетингтік әлеуетін алға жылжыту бойынша жаңа бағдарламаның әзірленіп жатқанын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар