Астана сауда орындарында тіл заңнамасының сақталуына медиаторлар атсалысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сауда орындарында тілдік конфликтілер туындаған жағдайда медиаторлардың қызметін пайдалануды жоспарлап отыр. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы басқарма басшысы қалалық мәслихатта бюджетті нақтылау кезінде айтты.

«Сонымен қатар «Тіл саласындағы медиациялық үрдістерді дамыту» деген бір жоба бар. Оған 17 млн 910 мың теңге сұрап отырмыз. Мұның себебі мынадай. Қазір мемлекеттік органдар кәсіпкерлерге барып тексеру жүргізе алмайды. Бақылау функциясы алынған - хаттама толтырылмайды. Сауда орындарында кейде тілге қатысты дау-жанжалдар орын алып жатады. Осындай жерлерге біз медиаторлардың әлеуетін қоссақ деп отырмыз», -деді Сәкен Есіркеп

Айтуынша, медиаторлар тараптарды татуластырып, тіл туралы заңнаманы түсіндіреді.

«Яғни тіл ахуалын жақсартуға азаматтық қоғамды тартамыз. Мемлекеттік функцияларды бәсекелі ортаға беру саясаты бар. Дәл сол жолмен азаматтық қоғамды, қоғамдық ұйымдарды, медиаторларды тартып, осы бағытта жұмыс істемекшіміз», - деді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанның жаңа көшелеріне өлкедегі көне тарихи атаулар беріледі.


Соңғы жаңалықтар