Астана сауда орталықтарында тәртіп бұзылса, ол екі айға Ashyq жүйесінен шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері қалада толық локдаун енгізбес үшін Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бизнес субъектілерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, елорда әкімдігі басшылығының, сондай-ақ СОО және басқа өкілдерінің қатысуымен zoom-конференциясында талқыланды.

Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов бұған дейін «Атамакен» ҚР ҰКП Ashyq қосымшасын барлық жерге енгізу секілді бизнес жұмысының бірнеше нұсқасын Үкіметке ұсынғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта СОО және СҮ аталмыш жобаға өз еркімен қатысады.

Өз кезегінде СОО және СҮ иелері Ashyq аясында жұмыс алгоритмін қамтамасыз етуге қызығушылық танытады.

«Біз СОО мен СҮ коронавирус инфекциясының таралу қаупі жоғары әрі адам көп жиналатын орын екенін білеміз. Осы себепті сауда ғимараттарының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін, сол сияқты қаланың тыныс-тіршілігін сақтау үшін осы қызмет түрін жобаға қосу қажет деп санаймыз», - деді Алмат Жүнісов.

Ол сондай-ақ СОО және СҮ иелеріне қосымшаны тиісті деңгейде пайдаланбағаны, келушіні тіркемегені үшін жобадан екі апта мерзімге, қайталанған жағдайда екі айға шығарылатынын ескертті.

Ashyq жобасынан шығару нысанның жұмыс уақытын едәуір қысқартады.

Өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айгүл Шағалтаева елордада соңғы аптада коронавирус инфекциясын күн сайын 1200-1500 адам жұқтыратынын жеткізді.

Соңғы аптада 9934 COVID-19 оқиғасы тіркелді, бұл алдыңғы аптадан 37,5% жоғары. Ол КВИ таралатын негізгі орындар - адам көп жиналатын мекемелер, әсіресе СОО екенін айтып өтті.

«Ashyq қосымшасының арқасында күніне 200-ге жуық адам үй карантинін бұзатыны анықталады. ПТР тесті оң нәтиже көрсеткенін біле отырып, адам көп жиналатын жерге баруын тоқтатпай отыр. Бұл жұқтыру қаупі өте жоғары екенін білдіреді. Қазір карантинді қатаңдату мәселесі қаралуда. Біз ШОБ субъектілерінің жұмыс кестесі мен режиміне қосымша өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Бәрін санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын», – деді Айгүл Шағалтаева.

Кездесуге қатысқан кәсіпкерлер Ashyq жобасы шеңберіндегі жұмыс алгоритмін сақтауға, СОО және басқа барлық кіру/шығу тұстарында келушілерді бақылауды қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар