Astana Рiano Passion фестивалінің жеңімпаздары анықталды
2017 жылғы 28 сәуір 20:59

Astana Рiano Passion фестивалінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Astana Рiаno Passion» төртінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауы бүгін Денис Мацуев қатысатын концертпен аяқталады, деп хабарлады фестиваль ұйымдастырушыларына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА.

«Фестиваль ерекше көңіл-күйде өтіп жатыр. Астанада бүгін классикалық музыканың жаңа жарық жұлдыздары пайда болатынын сенімділікпен айтуға болады!», - деді «Astana Рiаno Passion» төртінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауының көркемдік жетекшісі Денис Мацуев.

null

Еске салсақ, бір апта бойы музыканттар өзара жарысқа түсті. Беделді әділ қазылар лауреаттар мен жүлдегерлерді анықтады. Дәстүр бойынша жеңімпаздар әр жас санатында айқындалды.

null

Кішкентайлар арасында:

1 орын - Хаерим Парк (Оңтүстік Корея);

2 орын - Довгань Александра (Ресей), Акулов Петр (Ресей);

3 орын - Михлин Артур (Қазақстан), Мысин Елисей (Ресей), Хё Ли (Оңтүстік Корея).

Орта топ:

1 орын - Давыдченко Сергей (Ресей), Бессонов Иван (Ресей);

2 орын - Иваненко Ольга (Ресей), Геворгян Ева (Ресей);

3 орын - Кайтлан Риналди (Австрия).

Үлкендер арасында:

1 орын - Филипп Лынов (Ресей), Александр Ключко (Ресей);

3 орын - Арсений Мун (Ресей), Тимофей Владимиров (Ресей), Илья Папоян (Ресей).

Еске салсақ, 22-28 сәуір аралығында Астанада «Astana Рiаno Passion» төртінші халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауы өтті. Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Мәскеу филармониясы жанындағы «Accordi di Astana» қоғамдық қоры, Ресей халық әртісі Денис Мацуов.

null null null

Jańalyqtar

MURAǴAT