USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Astana Рiаno Passion Халықаралық байқауының Гран-при иегері анықталды

2017 жылғы 29 сәуір 00:29
Бөлісіңіз:
 Astana Рiаno Passion Халықаралық байқауының Гран-при иегері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Рiаno Passion IV Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен жас пианистер байқауының Бас жүлдесі ресейлік Александр Ключкоға бұйырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ол барлық үш санат бойынша жүзден жүйрік болды.

Байқауға әлемнің түрлі елдерінен ең үздік таланттар қатысты. Музыканттар бір апта бойы аспапта ойнау шеберліктерін ортаға салды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жеңімпаздар үш жас ерекшелігі бойынша анықталды.


Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздар марапатталды. Ал арнайы сыйлықты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және фестиваль қонағы - РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, ТМД-ға қатысушы елдердің гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры басқармасының тең төрағасы Михаил Швыдкой тапсырды. «Қазақстан үміті» марапатына бірден екі қатысушы лайық деп танылды, олар - Артур Михлин (Қазақстан) мен Елисей Мысин (Ресей).

Астана қаласы әкімінің ақшалай сыйақысы елордалық Клим Пакқа берілді. «Қазақстан композиторының туындысын үздік орындағаны үшін» сыйлығын Петр Акулов (Ресей) алса, интернет-дауыс берудің нәтижесі бойынша көрермендер көзайымы жүлдесін Ева Геворгян (Ресей) иеленді.



Вербьедегі Халықаралық музыкалық фестивальдің негізін қалаушы әрі директоры, Нобель комитетінің мүшесі Мартин Энгстремнің арнайы сыйлығы - Вербье-2018 фестивалінің оқыту бағдарламасына студент ретінде қатысуға шақырту Сергей Давыдченкоға (Ресей) тапсырылды. Байқаудың шығармашылық жетекшісі Денис Мацуевтің сыйлығына (жобаларға қатысу) Хаерим Парк (Оңтүстік Корея), Елисей Мысин (Ресей), Сергей Давыдченко (Ресей), Иван Бессонов (Ресей), Филипп Лынов (Ресей), Александр Ключко (Ресей), Артур Михлин (Қазақстан) лайықталды.

Жас пианистердің халықаралық байқауы Астанада 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол әлемнің түкпір-түкпіріндегі таланттарға қолдау білдіруге, халықаралық шығармашылық байланыстарды кеңейтуге бағытталған. Шығармашылық бәйгені өткізу идеясы танымал пианист Денис Мацуевқа тиесілі.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT